Текст
19.05.2026
2026 жылы 19 мамырда Гастелло ауылының мектеп базасында "Асық ату" жарысы өтті. Оған ауданның жалпы білім беретін мектептерінің дене шынықтыру мұғалімдері қатысты. Қатысушылар 2 жас тобына бөлінді, 18 + және 40 + жастар бойынша өткізілді. 40+ жас тобында барлық ойындардан өткеннен кейін Құмсуат ауылының негізгі орта мектебінің дене шынықтыру мұғалімі Ғабдрахимов Нафис Галимович чемпион атанды.