Текст
28.04.2026
«Құмсуат ауылының негізгі орта мектебі» КММ-нің 7-сынып оқушысы Фазылахмет Сұлтан 2–7 сынып оқушылары арасында өткен «Зерде» республикалық ғылыми жобалар мен шығармашылық жұмыстар байқауының аудандық кезеңіне қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша Сұлтан жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылық танытып, жүлделі III орынды иеленді. Бұл жетістік – оның табандылығы мен білімге деген құштарлығының, сондай-ақ жетекшісінің қолдауының нәтижесі.
Ғылыми жетекшісі – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қаратаева Айсұлу Қайратовна.
Сұлтанды лайықты жетістігімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта жаңа табыстар мен жарқын жеңістер тілейміз!