16.10.2025
Бүгін мектебімізде сағат 10:00-де «Ұлттық диктант» ұйымдастырылды.
Мақсаты:
Мемлекеттік тілде сауатты жазу дағдысын қалыптастыру, жазу мәдениетін жетілдіру, ұлттық бірегейлікті және тілге деген құрметті арттыру.
Қатысушылар саны:
• 8-сынып – 4 оқушы
• 9 сынып – 4 оқушы
• Қызметкерлер (жазбаша түрде) – 7 адам
• Қызметкерлер (онлайн түрде) – 0 адам.
Барлығы: 15 қатысушы
Нәтиже:
Диктант барысында қатысушылар мемлекеттік тілде сауатты жазу, пунктуация мен орфографиялық нормаларды сақтау бойынша өз білімдерін көрсетті. Іс-шара жоғары деңгейде өтті, қатысушылар белсенділік танытты.
Қорытынды:
«Ұлттық диктант» жазу – тіл мәдениетін дамыту мен мемлекеттік тілге деген құрметті арттырудың тиімді жолы. Бұл бастама оқушылар мен қызметкерлерге тілдік бірегейліктің маңызын түсіндіріп, азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға ықпал етті.